spot_img
Дүйсенбі, Шілде 27, 2026
24.5 C
Kokshetau

Жақсы ауданында су тоғанына күрделі жөндеу жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз
Жақсы ауданы Чапаевское селосындағы  тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Чапаевское-2» тоғанына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға таяу, деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Аталған мақсатта облыстық бюджеттен 148 миллион теңге бөлінген.
«Көп жылдар бойы көктемгі су тасқыны кезінде  арыны қатты су бөгетті бұзып кететін. Аудан әкімдігі және «Шұңқыркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күшімен жыл сайын тоғанға жөндеу жасалатын. Егер, суды уақытында ұстап қалмаса, халық ауыз сусыз қалу қаупі де болады», – дейді ауыл әкімі Ерлан Серікбаев.
«Чапаевское-2» су тоғаны Чапаев селосын аудан орталығымен байланыстыратын сонымен қатар жақын маңдағы ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ететін негізгі көзі болып отыр. Сондай-ақ, тоған көршілес ауылды су басу қаупінен де қорғауға мүмкіндік береді. Нысанды тұрғызуға 18 техника білігі мен 24 жұмысшы жұмылдырылған. Жұмысшылардың жартысына жуығы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жұмысқа орналасқан жергілікті тұрғындар. Жұмыс кестеге сәйкес жүзеге асырылып келеді. Мердігер ұйым басшылығының айтуынша нысан қыркүйек айының соңына дейін тапсыру жоспарланған.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Цифрлық құқық дегеніміз не?

Ата заңның 18-бабында әр адам жеке өмірі мен отбасы құпиясын сақтауға толық құқылы екені анық жазылған. Технология дамыған заманда...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика