spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолалық тауар өндірушілері Елордада жәрмеңке ұйымдастырады

Сондай-ақ...оқыңыз
Ағымдағы жылдың 26-27 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында «ХАН-ШАТЫР» сауда ойын-сауық орталығы аумағында Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.
Аталған жәрмеңкеде өңірдің 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 196,8 млн.теңге сомасына 435 тоннадан астам өнім ұсынабақ.
Елордалық қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің 50-ден астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10-15% – ға төмен. Облыс аграршылары 75 тонна ет және шұжық өнімдерін, 4,3 тонна балық, 330 мың дана жұмыртқа, 35 тонна сүт және сүт өнімдерін, 40 тоннадан астам ұн, 143,2 тонна картоп пен көкөніс және басқа да өнімдер әкеледі, – делінген басқарма хабарламасында.
Жәрмеңкеде облыс тың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынбақ.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img