spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
8.2 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданы егін орағын аяқтауға жақын

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданында егін орағы аяқталуға таяу. Диқаншылар бүгінге дейін 282,2 мың тонна астық бастырған, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Егін ору науқанына 36 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 208 шаруа қожалығы  қатысуда.

Былтыр осы кезеңде  тек 198 мың тонна шамасында ғана астық жиналған. Биыл ауа райының қолайлы болуынан диқандар 282 мың тонна астықты қамбаға түсіріп үлгерді. Қазіргі таңда гектарына 11 центнер ден айналып отыр. Ал өткен жылы тек 8 центнерден өнім алынған. Бұл көрсеткіштен жоғары нәтижеге жеткендер де бар. Мәселен, «Ушаков Агро» және «Аскоп» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері аудандық орташа межеден асып, гектарына 12,5  және 13,9 центнерге дейін өнім алуда, – дейді Егіндікөл ауданының әкімі Ерлан Исабеков.

Аудан әкімінің айтуынша, биылғы жылы өсімдік шаруашылығының ең заманауи технологияларын қолдану, егін жинау науқанына уақтылы дайындық және аудан шаруашылықтарында машина – тракторлық паркінің жаңартылуы рекордтық нәтижелерге жеткізуге мүмкіндік берген.

Ауданда күзгі дала жұмыстарына 503 астық жинау комбайны тартылды, оның 359-ы жоғары өнімді және олардың көпшілігі отандық өндірісте шығарылған, сондай-ақ 271 трактор мен астық тасымалдау үшін 236 КАМАЗ жұмылдырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика