spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Білім министрлігі оқушыларды қайтадан мектепте оқыту мәселесіне жауап берді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушыларды бұрынғы қалыпта мектепте оқыту мәселесіне қатысты жауап берді. Вице-министрдің айтуынша, бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсыныс берілген.

«Мектептердің жұмысын қалпына келтіру мәселесі бізді де алаңдатады. Бұл жағдайға мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар, бәрі алаңдап отыр. Біз мектептердің ашылуын қалаймыз. Ұсынысымызды Денсаулық сақтау министрлігіне бердік. Мектептердің жұмысын қалпына келтіру форматының бірнеше нұсқасы бар», – деп айтты ол.

Білім министрлігі мектептерді әкімдіктердің шешімімен, өңірлік санитарлық инспекторлардың келісімі бойынша ашу жайлы ұсыныс берген.

«Күн сайын Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен бірге барлық мәселелерді пысықтаймыз. Жағдай әр аймақта әртүрлі. Біз мектептерді әкімдіктердің шешімі бойынша, аумақтық санитарлық инспекторлардың келісімі бойынша ашуды ұсындық. Бұл – ең дұрыс тәсіл. Біз балаларымыздың денсаулығы үшін алаңдауымыз керек. Сондықтан біз сіздерге қосымша хабарлаймыз», – деді вице-министр.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерін сынға алып, оқушыларды дәстүрлі оқу жүйесіне қайта көшіруді талап етті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика