spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Зеренді ауданында «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз
Зеренді ауданының әкімі «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын талқылау бойынша кеңес өткізді, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 
Бұл туралы Зеренді ауданы әкімдігі мәлім етті.
Бейнеконференция арқылы өткен жиында  мемлекеттік органдардың ашықтығы мен  халықпен жедел кері байланыс жасау мәселелері сөз болды.
Кеңес жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары, ауылдық округ әкімдері (бейнеконференция режимінде), дербес бөлімдердің басшылары, аумақтық ұйымдардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
«Біз азаматтардың сенімін қалпына келтіріп, оларды цифрлармен, фактілермен, әрекеттермен сендіріп, азаматтардың сынына және сындарлы ұсыныстарына жедел ден қоя отырып, қалпына келтіруіміз керек. Біз осы мәселелерді шешу үшін халықпен тікелей және кері байланыс арналарының жұмысына жүйелі мониторинг жүргізу және талдау, БАҚ, ҮЕҰ және халықтың келіп түсетін сұраныстарына жедел ден қою, жоғары орталықтандырылған жүйеден «төменнен жоғары» қағидатына көшу, мемлекеттің халықпен электрондық форматта өзара іс-қимылы бойынша «бір терезе» құру, мемлекеттік органдардың ашық отырыстарының онлайн-трансляциясын өткізу, ашықтықтың ведомстволық жоспарларын әзірлеу және бекіту, мемлекеттік органдардың ашықтық мәдениетін қалыптастыру, сауалнама жасау үшін анкета әзірледік», – деді Зеренді ауданының әкімі Бауржан Ғайса.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img