spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Мәскеуде коронавирусқа қарсы тұрғындарды вакцинациялау басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәскеу тұрғындары тіркеуден өткен препаратты зерттеу аясында коронавирусқа қарсы вакцина салдыруды бастады. Бұл туралы Мәскеу мэрінің әлеуметтік даму мәселелері бойынша орынбасары Анастасия Ракова ria.ru агенттігіне айтты.

Екпе салдыруға 35 мың мәскеулік өтініш беріп үлгерген.

«Бұл – коронавирусқа қарсы вакцинаның барлығына қолжетімді болатын сәтін жақындатады. Зерттеу шараларына келісім бергендер бүгіннен бастап екпе қабылдауды бастады», – деп айтты ол.

Мәскеу билігі мен Н. Ф. Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы қала тұрғындарын вакцинаны тәжірибеден өткізу шарасына қатысуға шақырды. Екпе тегін салынады, ол үшін 40 мың ерікті қажет.

«Ниет білдірушілердің саны күн санап көбейіп келеді. 35 мың мәскеулік өтініш беріп үлгерді. Қазір Мәскеуде алты медициналық мекеме базасында COVID вакцинасын зерттеу жүргізілуде. Болашақта олардың саны 20-ға дейін жетеді», – деп толықтырды Ракова.

Анастасия Ракованың айтуынша, вакцина егу екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде еріктілерге вакцинаның бірінші компоненті салынады. Сосын арада 21 күн өткен соң екінші компоненті салынады. Компоненттердің құрамы бойынша айырмашылық бар.

Еске сала кетейік, 11 тамызда Ресей әлемде алғашқы болып коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркегенін хабарлады.

26 тамызда Қазақстан Үкіметі делегациясы ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барды. Ресей Үкіметі өкілдерімен кездесулерде өнеркәсіптік кооперацияның өзекті мәселелері, барлық клиникалық сынақтар өткізілген жағдайда халықты тегін және ерікті түрде иммундау үшін COVID-19 вакцинасын сатып алу және қолдану мәселелері талқыланды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img