spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
9.2 C
Kokshetau

Атбасарда адам қағып ізін суытпақ болған жүргізуші ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық полицейлер жаяу жүргіншіні соғып ізін жасырып кетпек болған жүргізушіні көп ұзатпай ұстады. Қатты соққыдан ауыр жарақат алған ер адам сол арада жантәсілім еткен, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 8 қыркүйегінде Атбасар аудандық полиция бөліміне Нұрсейітов көшесінің бойында автокөлік соққан адамның сұлық  жатқанын хабарлаған телефон хабарламасы түскен.

Оқиға орнына келген полицейлер ВАЗ-2110 маркалы автокөлік иесінің 43 жастағы Астана қаласының тұрғынын қағып кетіп, дереу қашып кеткенін анықтады. Қатты жылдамдықпен соққан көліктен ер адам сол жерде жан тапсырған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес жәбірленушінің өлімі алған жарақаттардың салдарынан болғаны анықталды. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 345 және 347 (Жол қозғалысы ережесін бұзу және жол-көлік оқиғасынан қашып кету) баптарымен қылмыстық іс қозғалды, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.  

Ал арада аз уақыт өтпестен шамамен 02-15-те аталған автокөлікті ұстау мақсатында арнайы іздеу және қолға түсіру шаралары  жоспарланады. Қаланың негізгі бағыттары бойынша полиция бөлімінің жеке құрамымен 8 бірдей бекеттер қойылады.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары 26 жастағы Атбасар қаласының тұрғынын ұстады. Ол осыған дейін де бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Жас жігіт өз кінәсін мойнына алды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img