spot_img
Сейсенбі, Қазан 7, 2025
5.4 C
Kokshetau

Шортанды ауданында білім беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандары мен жолдар жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданынының әкімі Бозайғыр ауылдық округіне жұмыс сапарымен бірқатар білім беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын аралады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бозайғыр ауылында  «Мектеп-Интернат-Колледж» КММ және жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Төңкерісте балабақша құрылысы мен негізгі мектепті жөндеу объектісінде жұмыстар аяқталуға жақын.

Ауданда бұған дейін күрделі жөндеуден Шортанды кентінің № 2 орта мектебі өткен болатын.

Аудан әкімі Ғайдар Қасенов жөндеу жұмыстарының барысын қарап, мердігер ұйымның жұмысшыларымен кездесіп,  жұмысты жүргізген»Строй Альянс – НС»ЖШС-не нысанды мерзімінде тапсыруды және орындалатын жұмыстардың сапасына көңіл бөлуді тапсырған еді.

Естеріңізге сала кетейік, Шортанды №2 орта мектебін жөндеу «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы жобаларының біріне кіреді. Осы бағдарлама шеңберінде Шортанды ауданы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге жаңа мүмкіндіктер беретін 6 жобаны іске асыру көзделген.

Іске асырылып жатқан жобалар ауданның білім беру, мәдениет және спорт нысандарының күрделі жөндеу жұмыстарын қарастырады. Атап айтқанда -Шортанды №2 орта мектебінің ғимаратын, Ойын-сауық орталығы мен Шортанды кентінің стадионын күрделі жөндеу.

Автомобиль жолдары мәселесі де шетте қалмайды. Осы мақсатта «Ауыл – ел бесігі» кентішілік жолдарды асфальтбетон жабынымен орташа жөндеу бойынша 3 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика