spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Үкімет экономиканы тұрақтандыру туралы қаулыға өзгерістер енгізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру шараларына қатысты қаулысына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды «Aqmola News» primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы 21 наурызда № 56 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібі бекітуді қарастырады.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде: ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің мүлік салығының; ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері бойынша жер салығының; салық салудың жалпы белгіленген тәртібімен жұмыс істейтін дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығының мөлшерлемелеріне «0» түзету коэффициентін енгізу сияқты өзге де бірқатар мәселелерді қарастырады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img