spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
12.8 C
Kokshetau

«Үздік ауылдық клуб 2020»: Жарқайың ауданы Костычево мәдениет үйі байқауға қатысуда

Сондай-ақ...оқыңыз
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өтіп жатқан «Үздік ауылдық клуб 2020» облыстық байқауының қазылар алқасы Жарқайың ауданының үздік клубын көріп тамашалады,-деп хабарлайды  » Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Костычево ауылындағы мәдениет үйін осы шағын ауыл тұрғындарын, өнер сүйер қауымды өзіне тартар орталық деп атауға болады.
Екі қабатты ғимаратта жеті клубтық құрылымның шығармашылық қызметі үшін барлық жағдай жасалынған: жарық беру және музыкалық аппаратура, көрікті сахналық киімдер, сапалы кеңселік техникалар мен жиһаздар, 150 орындық көрермендер залы, хореографиялық зал және үйірмелерге арналған кабинеттер қарастырылған.
Ауылдық мәдениет үйінде барлық мемлекеттік мерекелер және маңызды мерейтойлық даталар өткізіліп тұрады. Көркемөнерпаз әртістері ауыл тұрғындарын өз өнерлерімен қуантып, шаттық сыйлайды.
2018 жылы «Ақмола жұлдыздары» аудандық байқауының жеңімпаздары атанды.
Мұның барлығы «Костычево» ЖШС директоры Қабжанов Балғабай Жамантайұлының өнерге деген жанашырлығының арқасы.
«Өз мәдениет үйімді – өз қолыммен» инфрақұрылымдық жобасын жүзеге асыру барысында 2017-2018 жылдары Қабжанов Балғабай Жамантайұлы ауылдық мәдениет үйін жарақтандыру мен күрделі жөндеу жұмыстарына 82 мллион теңге бөлді. 2019 жылы оған жергілікті кәсіпкерлер Н.В.Худзей, А.В.Сидоров, А.Д.Қабжанов, А.В. Яременюк және Г.Д. Смағұловтар қосылды. Көрермендер залына LED экран орналастыру, тиесілі аумақты, мәдениет және демалыс паркін абаттандыру, 1000-нан астам жас көшеттер отырғызу және жасанды көгалымен балалар ойын алаңын тұрғызу меценаттардың алдағы жоспары. Осы игі істердің барлығы жүзеге асады деп нық сенім білдіреміз,-делінген хабарламада. 
Редакция ұжымы  Костычево мәдениет үйінің ұжымына байқаудан оза шауып, ауылдар арасындағы үздік клуб атануына тілектестік білдіреді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img