Қазақстан коронавирус пандемиясымен күресіп, елдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау үшін 2023 жылға дейін 1 трлн теңге жұмсайды. Бұл пандемиямен күресу үшін жасалатын кешенді бағдарлама аясында бөлінетін қаражат, деп хабарлайды » Aqmola News «Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдырып жұмыс істейміз. Мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек.
Үкімет нақты шектеулер мен бейімді карантин әдісін енгізуде. Пандемиямен күрес жөнінде кешенді бағдарлама әзірленеді. Мемлекет тарапынан әлеуметтік салада экономиканы қолдау үшін ұлттық қордан 1 трлн теңгеден астам қаражат бөлінуде.
Жалпы, осы бағытта 2023 жылға дейін 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Біз қазіргі қиындықты міндетті түрде жеңеміз», – деп мәлім етті Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жария ете отырып.