spot_img
Жұма, Қыркүйек 18, 2026
17.2 C
Kokshetau

Президент Жолдауда дәрігерлердің әлеуметтік жағдайына зор қолдау білдірді – Шырақ Бердімұратова

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында аса маңызды мәселелерге баса назар аударды. Дәрігерлерді қолдау мақсатында мемлекеттер тарапынан жүйелі шаралар жүзеге асырылатынын айтты. Себебі, дәрігер мамандар еліміз үшін аса қажетті маман болып табылады.

Осы жолдау барысында пандемиямен күресу шаралары үшін ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінетінін айтты. Сонымен қатар, барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар Қазақстанда өндірілсін деп тапсырма берді. Бұл алдағы уақытта дәрі-дәрмектің жетіспеушілігінің алдын алатын болады. Бұдан кейін барлық тұрғын үшін дәрі-дәрмек қолжетімді болмақ.

Бұл жолдаудың дәрігерлер үшін тағы бір маңызы жалақының көтерілуі. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады. Дәрігерлер қауымы бұған лайық десек те болады. Тағы бір қуанышты жаңалық, жыл соңына дейін еліміздің әр өңірінде жұқпалы ауруларға арналған 13 аурухана салынып бітетіні. Жұқпалы ауруханалар алдағы уақытта түрлі деңгейдегі науқастарды емдеуде зор септігін тигізбек.

Бердімұратова Шырақ Қайрош қызы

Ақкөл аудандық ауруханасының терапевт дәрігері

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика