spot_img
Жексенбі, Маусым 8, 2025
12.3 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясы күнімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясы күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын! Осыдан 25 жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қазіргі Ата заңымыз қабылданды. Бұл қадам тереңнен тамыр тартатын мемлекеттігімізді тың өріске бастап, Қазақстан Республикасының күрделі геосаяси жағдайдағы дамуының даңғыл жолын айқындады. Конституциямызда белгіленген адам құқығы мен бостандығы, саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылым қағидаттары әділетті қоғам мен қуатты мемлекеттің айнымас тұғырына айналды. Халық билігі, теңдік, бірлік, заң үстемдігі сияқты қастерлі ұстанымдар мызғымас ұстын ретінде қалыптасып, Қазақстанның келешектегі жан-жақты даму бағдарының мазмұнын айшықтай түсті. Ата заңымыз уақыт рухына және азаматтарымыздың талап-тілегіне сай келеді. Сондай-ақ, оның жасампаздық әлеуеті саяси жүйе мен әлеуметтік-экономикалық қатынастарды одан әрі жетілдіруге бағытталған. Біз мемлекеттің берік конституциялық негізіне сүйене отырып, елдегі келісім мен саяси тұрақтылықты сақтаймыз және азаматтық қоғаммен сындарлы байланысты жалғастыра береміз. Қазіргі қиындықтарды бірге еңсеріп, көздеген мақсатымызға жететінімізге сенімім мол.

Елімізге амандық, жұртымызға ынтымақ пен бақ-береке тілеймін!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика