spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысының барлық аймағында «Сервистік әкімдіктер» жұмыс істей бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Жарқайың ауданында серивстік әкімдік ашылды. Бұл облыстағы соңғы ашылған ашық әкімдік болып отыр. Ашылу рәсімі Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин және аудан әкімі Мұрат Балпанның қатысуымен өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Мемлекеттік органның мұндай жаңаша үлгісі әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша халыққа мемлекеттік қызмет пен консультациялық кеңесті «Бір терезе» арқылы алуға мүмкіндік беріп, құжаттарды жинау және әзірлеуде қызмет беруші мен оны алушының бір бірімен байланысын шектейді.

«Сыбайлас жемқорлық себептері мен шарттарын жою мақсатында департамент мемлекеттік органдардың қызметін «сервистік» форматта енгізу жүзеге асырылып жатыр. Жарқайың ауданында да сервистік әкімдіктің ашылуы аталған форматтың аудандық деңгейде де аяқталғанын көрсетеді. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қолжетімділігі, ашықтығы, жұмысының есептілігі жайына аса мән береді. Осы орайда осы принциптерді қамтамасыз ету үшін аталған тәжірибе одан әрі де жалғасын таппақ, – деді ісшара барысында Арман Бердалин.

Сондай-ақ, өңірлің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомтсво басшылығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудандық құрылымдық бөлімдер мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Ақмола облысына шетелден келіп түскен гуманитарлық көмектің таратылуының мөлдірлігін мониторингі мен аудан дәріханалары мен ауруханаларын аралап дәрі-дәрмектің шекті бағасын тексерді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img