spot_img
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
21.2 C
Kokshetau

Кезекші сыныптарға қандай талап қойылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Кезекші сыныпта дәстүрлі форматта білім беру барысына бірнеше қатаң талап қойылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Aqmola News  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап

«Кезекші сыныптар дәстүрлі форматта оқиды десек те бірнеше қатаң талап қойып отырмыз. Өйткені, біз үшін ең бастысы – қауіпсіздік мәселесі. Сондықтан біріншіден үзіліс әртүрлі уақытта болады. Сабақтың басталуы да әртүрлі уақытта жүргізіледі. Екіншіден, қыркүйекте сабақ ұзақтығы 40 минутпен шектеледі», – деді министр. Оның атап өтуінше, кезекші сыныптарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. «Балалар бір кабинетте ғана оқиды. Әдеттегідей бір кабинеттен екінші кабинетке көшіп оқуға жол бермейміз деп шештік. Әр күн сайын термометрия жүргізіледі. Жуу, желдету режимі бойынша тиісті талаптар қолданылады. Шағын жинақталған мектептерде дәстүрлі білім беру барысына да осы талаптар қойылып отыр. Бұған қоса, бір сыныпта 25-30 бала болатын болса, онда оларды 15 баладан аспайтын топқа бөлу керек деген шешім қабылдадық. Осы шешім аясында жұмыс жүргізіледі», – деді Асхат Аймағамбетов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика