spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Бейжіңде коронавируспен ауыратын бірде-бір адам қалған жоқ

Сондай-ақ...оқыңыз

Қытай астанасында коронавирусқа шалдыққан соңғы екі пациент ауруханадан шықты, деп хабарлайды  Aqmola News «ҚазАқпарат»-қа сілтеме жасап.

Бейжіңде коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері алғаш рет COVID-19 жұқтырған бірде-бір адам қалған жоқ. Еске сала кетсек, коронавирус тарала бастаған кезден бері Қытай астанасында 935 адам COVID-19 жұқтырған, соның ішінде 335 адам маусым айында «Синьфади» көтерме базарында болған өршуден кейін ауырып қалған. Қазіргі кезде Бейжің билігі эпидемиологиялық қадағалау шараларын әлсіретті: енді көшелерде маска тағу міндетті емес.

Бірақ қоғамдық көліктер мен адамдар көп жиналатын жерлерде (сауда орталықтары, мәдени және ойын-сауық мекемелер, мемлекеттік мекемелер) маска тағу қажет. Ресми статистика бойынша, құрлықтық Қытайда індет жұқтырған адамдардың 94 пайыздан астамы жазылып шыққан. 2019 жылдың желтоқсан айынан бері Covid-19 вирусын 85 мыңға жуық адам жұқтырды. Өлім көрсеткіші 5,45 пайызды көрсетіп отыр (4,6 мыңнан астам адам қайтыс болды). Бүкіл ел бойынша ауруханаларда диагнозы расталған 324 адам жатыр (өткен күні 31 адам жазылып шықты). Төрт пациенттің жағдайы ауыр.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img