spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
20.2 C
Kokshetau

Ұлттық банк 3 қазаннан кейін кейбір банкноттарды қабылдауды тоқтатады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды Aqmola News

Банк қызметкерлерінің айтуынша, қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау, тек қана ұлттық банк филиалдарында ғана жүргізіледі.

«2020 жылдың 3 қазанында аталған банкноттардың айналымда жүру мерзімі аяқталғаннан кейін ұлттық банк филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Сондықтан да банкноттарды азаматтар еліміздің 17 қаласында орналасқан ұлттық банктің барлық аумақтық филиалдарында айырбастауына болады», – дейді қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Айта кетейік, 2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталған болатын.

Ал ұлттық банк филиалдарының мекенжайы мен байланыс телефондары туралы ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика