spot_img
Бейсенбі, Шілде 3, 2025
28.2 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Ұлттық медицина орталығының басшысын қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ басқарма төрағасы Абай Байгенжинді қабылдады. Орталық басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық ғылыми медицина орталығы атқарған жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

Басқарма төрағасының айтуынша, орталық құрылғаннан бері 174 мың адам емделіп шыққан. 81 мың азаматтың жүрегіне ота жасалған. 61,5 мың науқасқа жалпы ота жасалып, емделген. Оның 70%-ына жаңа технологиялармен ота жасалған. Абай Байгенжин жаңа технологиялармен ота жасау арқылы адам ағзаларын сақтап қалуға мүмкіндік барын айтты. Сонымен қатар осындай ота жасаудың арқасында көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілгенін жеткізді. Бұдан бөлек, Ұлттық ғылыми медицина орталығы онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеп, 477 адамның құлан-таза айығып кетуіне септігін тигізген. Басқарма төрағасы пандемия кезінде коронавирус жұқтырған азаматтарды емдегендерін де атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы орталықтың халық денсаулығын сақтауда үлкен жұмыс атқарып жатқанын айтып, алдағы қызметіне тілектестік білдірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Энергетика вице-министрі Ақмола облысының тұрғындарымен газ саласындағы реформаларды талқылады

Қосшы қаласында газ инфрақұрылымын дамыту және саланы реформалау мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Құдайберген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика