spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Красный Ярды өзгерістер күтіп тұр

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы Красный Яр елдімекенінің тұрғындары облыс әкімінің есептік кездесуіндегі баяндамасынан соң, аймақтың жылу жүйелері, құрылысы, әлеуметтік мәселесіне қатысты әкімге сұрақ қойды. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі болатын өзгерістер жайында баяндап, бекітілген жоспарларға тоқталды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Биыл бұл елдімекендегі жылу, жол, құрылыс жұмыстарына 1 миллиард 600 миллион теңге бөлінген.

Красный Ярды жылумен жабдықтау саласына қатысты көп арыз-шағымдар айтылып келеді. Биыл елдімекенде 774 миллион теңгені құрайтын сыртқы жылу желілерінің құрылысы басталды. Жаңа жылу жүйелеріне 40 көпқабатты үй қосылады, сонымен қатар Ұмышев, Целинная, Мира, Шакеев, Бейбітшілік көшелеріндегі жеке меншік тұрғын үйлер де осы жылу жүйесіне қосылады,-деді облыс әкімі.

Жиында Симферополь, Сейфуллин көшелеріне де жылу трассалары өткізілетіндігі белгілі болды. Бұл бағыттағы жобалар үш кезеңді қамтиды.

Сонымен қатар Красный Ярдың 30 км –ден асатын көшелерінің жолы жөнделмек. Бұл бағытта «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 600 миллион шамасында қаражат бөлініп отыр. Бұл Красный Ярдың дамуына әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, Нұрлы көш ауылында 280 орындық балабақша бой көтермек.

Нұрлы көш ауылын көркейту жұмыстарына 50 млн теңге қаражат қарастырылып отыр. «Көкше» мәдениет үйін жөндеуге 241 млн теңге бағытталмақ.
Округ тұрғындарының бұдан басқа да ұсыныс тілектері мен көптеген мәселелері бар екенін білеміз. Оны қала әкімі Амангелді Смайловтың тұрғындармен есептік кездесулерінде дүркін-дүркін көтеріп келеді.
Красный Яр тұрғындары аурухана жөнделсе, Симферополь мен Ұмышев көшелерінің бұрылысына бағдаршам орнатылса, көше жолдары қардан уақытылы аршылса, Нұрлы көште саябақ ашылса екен дейді.
Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан Красный Яр атауы Қызылжар болып өзгертілсе, селодағы бұрынғы универмаг ғимаратының орнына кәсіпорын не шағын базар салынса деген ұсыныстары да бар.
Селодағы аялдама маңына жол белгілерін қою, балалар үшін арнайы үйірмелер ашу, жастар мен жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін спорт орталығын ашу қолға алынса деген сияқты тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелері де жоқ емес.
Соңғы жылдары Красный Яр селосы да шағын және орта бизнесті дамыту арқылы бірқатар нәтижелерге қол жеткізген. Былтыр селодағы 6 тұрғын шағын несие алып, өз ісін бастап кеткен.
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img