spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
10.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 12 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері қызметін жаңғыртуға өтінім берді

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында коронавирус инфекциясына байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған 12 мыңнан астам кәсіпкер ісін қайта жаңғыртуға өтінім берді, деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Бүгінге дейін  9400 шағын және орта бизнес субъектілері өз қызметін қайта жалғастырған.  Бұған www.infokazakhstan.kz онлайн-ресурсы мүмкіндік берген.
Аталған  қызмет кәсіпкерлік қызметті жедел жаңғырту  үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен іске қосылды.  Локдаун кезінде Ақмола облысында 18 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатқан. Ал, аталған бастама жария болғаннан кейін 12 мыңнан аса кәсіпкер өтінім беріп, оның тоғыз мыңнан астамының өтініштері қанағаттандырылып,  кәсіптерін қайта бастауға мүмкіндік берілді, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының  директоры Ақылбек Смағұл.
Естеріңізге сала кетсек, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысымен кәсіпкерлер қызметін рұқсат және хабарлау тәртібімен қайта жаңғырта алады. «Атамекен» ҰКП сарапшыларының бағалауынша, бизнес субъектілерінің басым бөлігі яғни 97 пайызға жуығы қызметін жаңғыртуға рұқсатнаманы хабарламалық тәртіпте алуда.
«Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында байланыс-орталығы іске қосылған сәттен бастап  екі мыңнан астам телефон қоңырауы түсті. Сұрақтардың негізгі бөлігі порталда тіркелу және өтінім беру, техникалық сұрақтар, бас санитар дәрігердің қаулысы шеңберіндегі санитарлық норма талартары сияқты сауалдар болды, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы әкімшілік бөлімінің басшысы Данияр Қалымов.
www.infokazakhstan.kz порталына түскен барлық мәліметтер жергілікті атқарушы органдардың және СЭС жауапты қызметкерлерімен  реттеліп, мониторингтік топтардың шығу кестелері құрылатынын атап өткен жөн.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img