spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі болып өтті. Онлайн режимде өткен кеңеске Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев қатысты, деп хабарлайды Aqmola News

Айта кетейік, өткен оқу жылында «Педагог мәртебесі туралы» Заң  қабылданып,  2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамытудың жаңа Мемлекеттік бағдарламасы бекітілген болатын.

-Мемлекеттік бағдарламадағы негізгі индикатордың бірі мектепке дейінгі балаларды тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету. Біздің облыс бойынша 3-6 жастағы балалар 100 пайыз қамтылған, алдағы тұрған міндет 2025 жылға дейін 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту мәселесін 85,3 пайызға жеткізу. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру және жолдама алу қызметі автоматтандырылған, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов тамыз кеңесінде.

Жаңа оқу жылында облыс мектептері 132 мыңнан астам оқушыға есігін ашады, оның шамамен 15 мыңы бірінші сынып оқушылары. Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 554 мектептің ішінде шалғайда орналасқан, әрі оқушы саны аз 311  мектеп жаңа оқу жылын штаттық режимде бастайды. Қалған 243 мектеп қашықтықтан оқытады.

Облыста оқушылар мен педагогтардың интернетке қолжетімділігін  қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл мәселені шешу үшін оқушыларға Wi-Fi роутерлер, ұялы байланыс операторларының мобильді интернеті бар флеш-карталар берілетін болады. Қазіргі уақытта Цифрлық даму, инновациялар  және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі оқушылар мен педагогтар үшін айына 990 теңге тұратын жеңілдетілген «Білім» тарифтік жоспарын іске қосу бойынша мобильді операторлардың өкілдерімен келіссөздер жүргізуде.

Бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушы арасында шексіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі белгілеген білім беру ресурстарына тегін қолжеткізуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда барлық мектептер «Bilimland», «Дарын онлайн», «Kundelik» ақпараттық білім беру платформасын таңдап, пайдалану үстінде. Бұдан бөлек,  Білім және ғылым министрлігі телесабақтарды өндіру бойынша жұмыс жүргізуде.  Сабақтар республикалық Балапан және Еларна телеарналарында қазақ және орыс тілдерінде көрсетілетін болады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img