spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-29.3 C
Kokshetau

Бүгін елімізде бірыңғай сынып сағаты өтеді

Сондай-ақ...оқыңыз

21 тамызда еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді, деп хабарлайды Aqmola News ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Жаңа 2020-2021 оқу жылында карантин шаралары кезінде білім алушыларды оқыту форматымен таныстыру мақсатында 21 тамызда «Мен жаңа оқу жылында қалай оқимын?» тақырыбында еліміздің барлық оқушылары үшін жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты өтеді.

Сынып сағаты қашықтан өтеді, ал өткізу уақытын мектеп әкімшілігі бекітеді. Қалауы бойынша ата-аналар балаларымен бірге қатыса алады», делінген хабарламада.

Сынып сағаты барысында сынып жетекшісі келесі сұрақтарды түсіндіреді: Карантин кезіндегі оқыту форматтары; қашықтан білім алу барысында пайдаланылатын интернет платформаның мүмкіндігімен танысу; мен және менің денсаулығым (гигиена негіздері, физикалық белсенділік); жаңа оқу жылында бағалау жүйесі; интернетте жұмыс істеу ережелері, ақпараттық қауіпсіздік.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі Көкшетау қаласында учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтардың алдын алу...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика