spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 311 мектеп оқу жылын штаттық режимде бастайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының шалғай ауылдарындағы 18 мың оқушысы бар 311 мектеп оқу жылын санитарлық талаптарды сақтай отырып штаттық режимде бастайды. Бұл туралы әкімдік отырысында облыстық білім  басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов айтты, деп хабарлайды Aqmola News  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Облыстағы шалғай ауылдарындағы барлығы 18 мың оқушысы бар 311 мектеп оқу жылын санитарлық талаптарды сақтай отырып штаттық режимде бастайды. Ал 243 мектептегі 115 мыңға жуық оқушы қашықтан оқытылады. Сонымен бірге, 3 мыңнан астам бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша 15 оқушыдан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады», – дейді облыстық білім беру басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов.

Басқарма басшысы атап өткендей, облыстың барлық жалпы білім беретін мектептері жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Облыс мектептерінде барлығы 16 мыңнан астам компьютер бар болса, бүгінгі күні оның саны 1,6 мың компьютермен толығып отыр. 1 қыркүйекке дейін жергілікті бюджет есебінен тағы 235 компьютер сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ, Үкімет резервінің қаражаты есебінен 23 мыңнан астам компьютер сатып алынатын болады. Бірінші кезекте осал санаттағы балаларды компьютермен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, өңірде балабақшалардың жұмысы да кезең-кезеңмен қайта жанданып келеді. 159 мектепке дейінгі ұйымда 411 кезекші топ ашылған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img