spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
18 C
Kokshetau

Ақмола облысында балық өсіретін кешен салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында балық өсіретін кешен салынады, деп хабарлайды Aqmola News Қазақпарат сайтына сілтеме жасап

Ақмола облысында бақтақ (форель) балығын өсіретін кешен салынады. Балық шаруашылығы Ақмола облысының агроөнеркәсіп кешені құрылымында базалық сала болмақ.

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде жылдық қуаты 500 тонна бақтақ балығын өсіретін жабық типтегі кешен салынып жатыр. Жоба американдық «AGSO Corporation» компаниясын тарту арқылы жүзеге асырылуда. Балық шаруашылығы үшін Қорғалжын ауданы аумағында 100 гектар жер телімі бөлінген. Қазіргі кезде, аталған аумақта топографиялық түсірілім және геологиялық жұмыс жүргізілді. «Қаржыландыру үшін бірінші транш бөлінді. Қазіргі кезде жобаны бейімдеу, яғни нысанның эскизі келісіліп, электр желісі үшін тарту үшін техникалық рұқсат алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында аумақта асфальт төсеу және көгалдандыру жұмыстары басталады. Жоба 2021 жылдың екінші тоқсанында толық жүзеге асырылады», – дейді «Taga Group» ЖШС директоры Серік Тәнкиев. Өңірде балық шаруашылығы форель өсірумен ғана шектелмейді, облыс аумағында жоғары сапалы балық сататын сауда нүктелері бар. Айталық, Қорғалжын ауданы флора және фаунаға бай көркем өңір. Мұнда ЮНЕСКО-ның қорғауындағы әлемде теңдесіз қорық орналасқан. Енді өңір бай ихтиофаунасымен тамсандыра алады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика