spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-30.8 C
Kokshetau

Біржан сал ауданының мектептеріне 100 ноутбук жеткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Біржан сал ауданының оқу орындары қашықтықтан оқытуға дайындалып жатыр. Бүгінде 100 ноутбук сатып алынып, қосымша тағы 125 ноутбукке тапсырыс берілген,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі мәлім етті.

Руслан Абдикеновтің айтуынша, бүгінде аудан мектептері қашықтықтан оқыуға дайындық үстінде. Сол себепті кейбір компьютер жетіспейтін мектеп оқушылары үшін алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген.

Біз тағы қосымша 125 ноутбук пен 84 моноблокқа тапсырыс беріп қойдық. Бұл үшін 30 миллион теңге жұмсалады. Қаражат облыстық бюджеттен бөлініп отыр. Аталған компьютерлік техника тамыз айының соңына дейін жеткізіледі. Жеткізушілер «IT-сервис» және «Clean» ЖК. Қашықтықтан оқытуға дайындық барысында сатып алынған компьютерлік техника аудан мектептерінің аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады,-дейді Руслан Абдикенов.

Күні кеше ғана Степняк қаласы №1 орта мектепке 20 компьютерлік техника табыс етілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика