spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
5.2 C
Kokshetau

Коронавирус: 3,2 мың науқас стоционарларда ем қабылдауда

Сондай-ақ...оқыңыз

17 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 3,2 мың науқас стационарларда ем қабылдауын жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды » Aqmola News».

 «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 406 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – делінген ведомство ақпаратында.

Мәлім етілгендей, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша мәліметтерді күн сайын жариялап отырады. Статистикада – бір тәуліктегі мәліметтер, ПТР-тестілеу оң және теріс нәтиже көрсеткен науқастардың жалпы саны және өлім-жітім жағдайлары көрсетіледі. Барлық ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында таратылады. Қазақстанда осы уақытқа дейін коронавирусқа жалпы 103 033 адам шалдықты. Жазылып шықты – 82 777, қайтыс болды 1269 науқас.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика