spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 17, 2024
1.2 C
Kokshetau

Балалар психологиясына бағытталған жаңа кітаптар жарыққа шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда балалар психологиясына негізделген жаңа кітаптар жарыққа шықты. Бұл оқулықтар «өмірлік дағдыларды қалыптастыру және балалардың әлеуметтік дамуы» жобасы аясында қолданысқа берілмек. Жобаны «Bilim Foundation» қоғамдық қоры жүзеге асырды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Бұл әдістемелік оқулықтарға ақмолалық педагог-психологтардың балалар психологиясына арналған еңбектері енгізілді. Оған жеткіншектердің қалыптасуы мен түрлі проблемалардан шығу жолдары қамтылған.

Кітаптағы мамандар көзқарасы баланы қоғамға бейімдеп, айналасындағылармен, қатарластарымен, отбасымен, ұстаздармен, үлкендермен қарым-қатынасын жақсартуға көмектеседі.

Мінез-құлқы әр түрлі оқушылар тығырыққа тіреліп, психологиялық шиеленіске тап болған жағдайда бұл кітап көмекке келеді. Үрей, стресc, депрессия жағдайында маман ретінде қалай көмек беруге болатыны көрсетілген.

Кітаптар ағылшын тілінен аударылған. Авторлары – әлемге мәлім тәжірибелі психологтар.

17 кітапқа барлығы 524 еңбек жинақталды. Бүгінде бұл әдістемелік құралдарды мектептер мен балбақшаларға тарату мақсатында білім басқармасы мен қоғамдық қор арасында келісімге қол қойылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img