spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
21.2 C
Kokshetau

Ермек Маржықпаев: Ақмола балабақшаларында кезекші топтардағы бала саны 15 бүлдіршіннен аспауы тиіс

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының 89 балабақшасында 244 кезекші топтар ашылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері  жаңа оқу жылында   қалай жұмыс істейтіні жөнінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев  брифинг барысында мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Балабақшадағы кезекші топтар 15 баладан аспауы тиіс.

Қазір мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 244 кезекші топтар жұмысын бастады. Талапқа сәйкес әрбір топта бала саны 15 баладан аспауы тиіс.  Пандемия кезінде балабақшалардағы оқыту принципі мектептерге ұқсас болады, – дейді Ермек Маржықпаев.

Дегенмен ата-аналар балаларын қалыпты режимде оқыту  ата-аналардың өз құқығында қалады.

Ата-аналар өтініш жазып, балаларын қосымша білім беру ұйымдарына бере алады.  Бірақ әрбір топтағы бала саны 5 баладан аспауы тиіс, – деді Ермек Маржықпаев.

Қосымша білім беру ұйымдарында ата-аналар мен балалар үшін онлайн-кеңестер  берілмек. Бірақ, денсаулық жағдайы күрделі балалар жекелей тәртіпте алдын ала жазылу бойынша қабылдау жүзеге асырылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика