spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы мектептеріне 23 мыңнан астам компьютер сатып алынады

Сондай-ақ...оқыңыз

 Бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды компьютермен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра  ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қазіргі уақыта облыс мектептерінде 16 мыңнан астам комппьютерлік техникалар бар. Олардың 1,5 мыңнан астамы биыл сатып алынған.

Оқу жылы басталғанға дейін тағы 300-ден астам компьютер сатып алу жоспарланған. Жалпы биыл жыл соңына дейін 23 мыңнан астам жаңа компьютерлер сатып алынбақ. Олар 3-4 тоқсанда жеткізіледі. Жалпы 132 мың оқушының 124 400 яғни 94 пайызы интернет желісіне қосылған. Өкінішке орай 7800 оқушы ғаламторға қол жеткізе алмай отыр. Аталған мәселені шешу үшін оқушыларға ұялы байланыс операторларының мобильді интернеті бар флеш-карталар, Wi-Fi роутерлер ұсынылады, – дейді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика