spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Жақсылық жаршысы: 35 оттегі концентраторлары облыс ауруханаларына жолданды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауға 35 бірдей оттегі концентраторлары жеткізілді. Коронавирус инфекциясымен науқастанған адамдарды емдеуде қолданылатын медициналық қондырғыны «Айдың нұры» қайырымдылық қоры мен «BI Group» компаниясы жолдаған, – деп хабарлайды «Aqmola News» «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Медициналық аппараттар алдымен кәсіпкерлер палатасына жеткізіліп, одан әрі облыс аудандарына тасымалданбақ.

«12 оттегі концентраторлары бірден Степногорск қаласындағы көпбейінді ауруханаға жіберілді. Бесеуі Бұланды ауданына, Атбасар және Ерейментау аудандарына үш-үштен берілмек. Тағы бес қондырғыны Астрахан ауданына, төртеуін Бурабай аудандық көпбейінді ауруханасына, екеуін Егіндікөл ауданына және біреуін Целиноград аудандық емханасына жолдамақпыз, – дейді   өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ерқанат Мұсылманбек.

Ерқанат Мұсылманбектің айтуынша, осыған дейін «Dauletten»қайырымдылық қорының демеушілігімен 19 аппарат Бұланды, Аршалы, Егіндікөл, Жақсы, Шортанды, Сандықтау және Біржан сал аудандарына жеткізілген.

“Бұл көмек «Менің Атамекенім» қоғамдық қоры және ҚР «Атамекен» ҰКК бастамасы бойынша 21 шілдеде бастау алған «Жақсылық жаршысы» марафонының арқасында мүмкін болған. Акцияның мақсаты коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық мекемелер мен мұқтаж адамдар үшін дәрі-дәрмек, қажетті құралдар мен қаражат жинауға бағытталған”, – деді баспасөз қызметінен.

Ақмолалық кәсіпкерлер де «Жақсылық жаршысы» марафонына белсене қатысып қажетті қаражатты жинап тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетті. Алғашқы қажетті азық-түлік өнімдері салынған 300 қорап  мұқтаж отбасыларға таратылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика