spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада кәріз құдығын тазалап жүрген бір жұмысшы қаза болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қайғылы оқиға Шортанды ауданының Шортанды кентінде орын алды. Кәрізді тазалау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтамаудың салдарынан коммуналдық қызметтің үш жұмысшысы уланып қалған. Олардың бірі оқиға орнында бірден көз жұмды, – деп хабарлайды «Aqmola News»  Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәріз құдығын тазалап жүрген үш азамат метан газынан уланған.
«Шортанды Су» коммуналдық қызметінің мамандары Жолымбет кентінде кәріз жөндеп жүргенде уланған. Олардың екеуін сол жерде жүрген куәгерлер құтқарып дереу жедел жәрдем шақырған.
Зардап шеккендердің бірі Шортанды Су коммуналдық қызметінің жүргізушісі Андрей Ткачевтің айтуынша Жолымбет кентінде олар кезекті өтініммен орталық кәрізді тазалауға шыққан.

Владимир Довыдович кәріз құдығын тазалауды аяқтағаннан кейін оны үрлей бастаған. Бір кезде ол әлсірей басып, сылқ етіп құдықтың ішіне отыра кетті. Ұлының уланып қалғанын көрген жүргізуші Сергей Давыдович оны алып шығу үшін құдыққа секіріп түскен. Алайда құдық ішінде оның да жағдайы төмендеп, құлап түсті. Мен бірден өзіммен бірге су және жоғары алып шығу үшін арқан алып түстім. Бірақ, құдыққа түсер-түспестен бойымнан қуат кетіп, жоғары қарай өрмелей бастадым. Қолым сыртқа шығара бергенде бір адам мені ұстай алды. Сол тұста басым айналып, есімнен тандым, – дейді Андрей Ткачев.

Жұмысшыларды кәріз құдығынан жергілікті Жолымбет ауылының тұрғындары алып шығып құтқарушыларды шақырған. Өкінішке орай 19 жастағы жігітті құтқару мүмкін болмаған. Ол ауыр метанол газына уланып бірден жантәсілім еткен.

Төтенше жағдай департаменті кәріз және су құдықтарында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Жұмыс бастар алдында басшыдан құдықта жұмысты орындауға басшының тапсырмасын алған жөн. Міндетті түрде, қолғап, халат сияқты жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек, – дейді төтенше жағдай департаментінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img