spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Атбасарда өрт үш баланың өмірін жалмады: Қазалы отбасыға үш бөлмелі пәтер берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға үш бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды. Баспана жерлестері мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен жиналған қаражатқа сатып алынып, қайтыс болған балалардың ата анасына берілді,-деп хабарлайды  «Aqmola News».

Жиналған қаражаттың көп бөлігін жергілікті кәсіпкерлер мен аудан және Ақмола облысы тұрғындары жинады.

«Жиналған қаражаттың бір бөлігіне пәтер сатып алынды, қалғаны ақшалай ата-ананың қолына берілді. Аудан тұрғындарының атынан барлық қол ұшын созғандарға рахмет айтамын,-деп атап өтті Қалжанов.

Барлығы 17 миллион теңге жиналды.

«Пәтер Атбасар қаласында орналасқан, оны отбасы мүшелері өздері таңдап алды,-деп толықтырды аудан әкімінің орынбасары Абай Бекбаев.

Естеріңізге сала кетсек, 29 маусымда таң ертең ерте Хрящевка ауылында қайғылы оқиға орын алды. Өртенген үйде бұрын бес баласы бар көпбалалы отбасы тұрып жатқан еді. Таңғы бес шамасында отағасын ұлы оятып, кіре берістің жанып жатқанын айтқан. Ер азамат терезені сындырып, әйелі мен екі баласын шығарып үлгерген. Үй тез тұтанатын материалдан салынғандықтан, өрт жедел ушығып, қалған үш баланы құтқару мүмкін болмай қалды.

Бұдан соң, аудан әкімдігі жаназа дәстүрін орындау мен медициналық және психологиялық көмек көрсеткен болатын.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img