spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
-1.8 C
Kokshetau

Цой карантинді жеңілдету туралы ұсыныс берді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанына байланыст Ведомствоаралық комиссияға карантинді біртіндеп жеңілдетуді ұсынды,-деп хабарлайды «Aqmola News» Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Себебі, вирустың репродуктивтілік деңгейі, яғни бір науқастан басқаларға жұғу көрсеткіші 1,72-ден 0,82-ге төмендеген. Бұл көрсеткіш өңірлер арасында тек Түркістан облысында 1-ден жоғары. Басқа аймақтарда тұрақты түрде азайып келеді.

«Уақытылы диагностиканың арқасында Қазақстан COVID-19-дан болатын өлім көрсеткіші бойынша 70-ші орында… 5 аптада ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайды. Емханалар үйге барып емдеу форматына көшті. Қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Коронавирус бойынша жедел жәрдем шақыру 62%-ға төмендеді. Жалпы, коронавируспен ауыратындар 2 есеге азайып отыр», – деді ол Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы Асқар Мамин ахуалды ескере отырып, карантинді алып тастауға негіз бар екенін айтты.

«Елімізде коронавирустың таралу деңгейі қарқынды түрде төмендеуде. Емделіп шыққандар үлесі 73,6% құрады. Қалғандары ем алуда… Жағдайды ескеріп, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын ДСМ мемлекеттік комиссия қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын», – деді Асқар Мамин.

Бұл ретте көпшілік жерде маска кию сияқты гигиеналық талаптар сақтала береді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. 🟦Бұдан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика