spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 15, 2026
1.7 C
Kokshetau

Көкшетауда 200 орындық инфекциялық аурухананың құрылысы жүріп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес дипансерінің аумағынан жұқпалы ауру жұқтырған науқастарды емдеуге арналған аурухананың қазығы қағылды,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

200 төсек жабдығы болатын медициналық мекемеде сонымен қатар коронавирус індетін жұқтырғандар да емделеді. Аурухана Ақмола облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің аумағында бой көтереді.

Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен модульдік инфекциялық аурухана құрылысы басталды. Құрылыс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны үнемдеудің есебінен жүзеге аспақ. Емдеу мекемесі замануи озық медициналық қондырғылармен жабдықталады. Әр палатаға кислород тарататын станция қойылады.Құрылғылар  Германия және Ресей мемлекетінен әкелінеді,-дейді облыстық денсаулық сақтау баспасөз қызметінен.

Қасымжомарт Кемелұлының тапсырмасымен салынып жатқан аурухананың жалпы ауданы төрт жарым гектарға жуық.

Жобаның құны 6,2 миллиард теңге. Аяқталу мерзімі 1 қазанға дейін. Құрылысты аяқтауды мердігер  компания BI Group міндетіне алған.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. 🟦Бұдан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика