spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-20.8 C
Kokshetau

Жарқайың: Тасөткел ауылына жас мамандар келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жарқайың ауданының Тасөткел ауылына 5 жас маман келіп, жұмыс істей бастады. Олардың арасында көп балалы отбасылар да бар. Мамандар ауылдың медицина, мәдениет және білім беру саласына өз үлестерін қоспақ,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ауылда еңбек етуге тілек білдіргендерге жергілікті кәсіпкер Ерлан Алин зор қолдау көрсетіп, жас отбасыларға ауылдағы сатылымда тұрған үйлерді өз қаражатына сатып алып беріп қана қоймай, заман талабына сай етіп жөндеу жасау үшін де қомақты қаражат берген. Соның нәтижесінде Тасөткел ауылындағы білім ошағы, Ерлан Кинуарбекұлының толық қаржыландыруымен ашылған жергілікті мәдениет нысаны,  сондай-ақ медициналық пункт мамандармен толығып, жастар тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұнымен қоса ауыл мектебіне 3 оқушы, шағын орталыққа 3 тәрбиеленуші қосылып, оқушылар саны да артып отыр.

Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, Тасоткел ауылының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Ерлан Алиннің елдімекенге келген жас отбасыларға демеушілік жасап, қолдау көрсетуі ауылдың тыныс-тіршілігін одан әрі жандандыра түсіп, ауылдың көркеюі мен дамуына анағұрлым серпін берері анық.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика