spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Спорт: Қазақстандық жүзгіш ең алғашқы болып Ыстық көлді жүзіп өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Токио-2020 Олимпиада ойындарының ашық суда жүзуден лицензиясының иегері қазақстандық жүзгіш Виталий Худяков ең бірінші болып Ыстықкөлді жүзіп өтті, -деп хабарлайды  »  Aqmola News»   спортшының   әлеуметтік   желідегі   парақшасына   сілтеме  жасап.

Бұл жаңалықпен спортшы Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

 «Виталий Худяков Ыстықкөлді Шолпан-Атадан Қажы-Сай жағажайына дейінгі аралықта жүзіп өтті. 56 шақырымға созылған бағдарды жүзіп өтуге 13 сағаттан астам уақыт кетті. Бұған дейін ешкім бұлай жүзіп өтпеген болатын. Спортшы 5 тамыз күні таңғы сағат 5-15-те жүзуді бастап, 18-30-да жүзіп өткен еді», – делінген спортшының парашасындағы жазбада.

Виталий Худяков – ашық суда жүзуден Азияның төрт дүркін чемпионы, Жағажайдағы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарында үздіктер «ондығынан» орын алған. Виталийдің жаттықтырушылары – Евгений Худяков пен Бекен Тасбаев.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img