spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Облыс әкімдігінде: 2020 жылдың 1 жарты жылдығының бюджет қорытындысы жасалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімдігінде осы жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуы қорытындысына арналған жиын өткізілді, – деп хабарлайды «Aqmoka News».

Облыстық қаржы басқармасының мәліметінше өңірде салық және басқа да төлемдер 5 миллиард теңгені құрап белгіленген жоспар 113,6 пайызға орындалған.

Бюджеттің шығыс бөлігі 99,8 пайыз болып, өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға жоғарылағаны байқалған. Дегенмен, игерілмеген қаражат сомасы 341,9 миллион теңгеге жеткен.

«20 бюджеттік әкімшілік бағдарламалар бойынша облыстың 9 ауданында жоғары нәтижелерге қол жеткізілді. Алайда, мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасында- 98,7%, ауыл шаруашылығы басқармасында 99,5%, Көкшетау қаласы, Бурабай және Целиноград аудандарында-99,7%,   Қорғалжында 98,3 пайызға дейін төмен көрсеткіштер болған. Бюджеттің орындалмауының негізгі себептері жоспарланған жұмыс көлемінің орындалмауы, келісімшарттардың ұзақ жасалуы, жеткізушілердің келісімшарт міндеттемелерін уақытында орындамауын болған, – дейді Ақмола облысы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов.

Жиын қорытындылары бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне салықтар мен төлемдердің бюджетке түсуін 100 пайызға қамтамасыз ету және бюджет қаражатын барынша игеруге тапсырма берілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img