spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Егіндікөл: Еріктілер дәрігерлерге қолдау көрсетуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөлдік еріктілер жергілікті медициналық мекемелерге, науқастарға көмек көрсетіп, қолдарынан келгенше індетпен күреске үлестерін қосуда, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Егіндікөл ауданы әкімдігі мәлім етті.

Аудан, облыс, ел үшін қиын кезеңде көмек көрсетуде волонтерлер маңызды рөл атқарады.
Бұл адамның өз Отанына, отандастарына деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Осы орайда, әркім өзін нақты қауіп-қатерге душар ете отырып, алдыңғы қатарда болуға келісе бермейді, бірақ өмірлік ұстанымы әрдайым көмек көрсету болып табылатын адамдар да бар. Олар медицина мекемелеріне , науқастарға қажеттіліктерді жеткізіп беруде.
Егіндікөл ауданында провизорлық стационар ашылған күннен бастап, еріктілер қатарына Егінбай Асай жазылды.

«Қазір отыратын уақыт емес, дәрігерлерді қолдап, оларға осы аурумен күресуге көмектесетін уақыт. Толық жабдықталған обаға қарсы костюммен, етікпен, маскамен, қолғаппен, көзілдірікпен, оған қоса ыстық ауа райында жұмыс істеу қаншалықты қиын екенін елестете алмайсыз. Бірақ дәрігерлер мен аурудан жазылған жерлестерімнің бақытты жүздерін көргенде, барлық қиындықтарды ұмытып, нағыз қуанышты сезінесіз.» – дейді ол.


Егінбай ауылдықтарға үлгі бола отырып, Егіндікөл ауданында іс-шараларға белсенді қатысып, еріктілер қозғалысын дамытуға өз үлесін қосуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img