spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Есіл: Аудан орталығында тұрғындар көп қабатты үй айналасын баққа айналдырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары өз үйінің айналасын баққа айналдырған. Өз күштерімен өсімдіктер мен гүлдерді күтуді әдетке айналдырған адамдар жеті жылдан бері алуан гүлге толы әдемі бақты баптап келеді, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Макаренко көшесі 8 үйдің маңындағы гүл бағы кісі қызығарлық. Тұрғындар өз идеясымен көп қабатты үйдің айналасына бақ отырғызған. Алыстан менмұндалап тұратын әдемі гүлдердің арасы тазалық пен ұқыптылықпен жасалған. Арамшөптерден ада бақты осы үй тұрғындары өздері қарап күтім жасайды.

Қазіргі таңда бақта алма ағашы, шырайгүл, раушан гүлдері, флокс, бақытгүл, лалагүл, түймедақ, қалампыр, таушымылдық сияқты басқа да саналуан гүлдер көздің жауын алады. Бақташы Любовь Николаевна әрбір гүлдер мен өсімдіктердің  қадір-қасиетін бес саусағындай біледі.

Гүлдер  оның бойына сай отырғызылады. Аласаларын алдыңғы жаққа, ал биік өсетіндерін үйге жақын  орналастырған жөн. Бұл гүлдер бірнеше жылдан бері үйіміздің айналасын хош иіске толтырып, көңілімізді көтереді. Біреулері гүлдеп жатса, енді бірі жаңа ғана күлте жапырақтарын аша бастайды. Күзге дейін ауламыз әсем  гүлдерге толады.  Тек раушан гүлдерінің ғана он шақты түп көшеті бар. Балалар ойын алаңының жанына жеміс ағаштары мен хоши иіңті ағаштарды отырғыздық.   Енді ағаштарға жақын орналасқан жолдан оны жабуды жоспарлап отырмыз.  Біз жайлы өмірді әр адам өз күшімен жасай алатынын жақсы білеміз.  Мұның бәрін біз өзіміз үшін жасадық. Сондықтан бәрі де ойдағыдай болды, – дейді Любовь Николаевна. 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img