spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-30.8 C
Kokshetau

Ақмолада құрбандық мал тек онлайн түрде шалынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада құрбан айтында бұқаралық шаралар ұйымдастыруға, жұртшылықты жинап құрбан асын беруге тыйым салынды. Облыстың бас санитар дәрігері коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қаулыға сәйкес осы жылдың 31 шілдесінен бастап 3 шілде 00.00-ге аралығында құрбандық мал шалу тек онлайн түрде жүзеге асыруға рұқсат берілді.

Коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу үшін құрбандық мал тек жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындардан басқа орындарда союға тыйым салынады. Автокөліктерден, жекеменшік үйлерден мал сатуға және сатып алуға шектеу қойылады. Сою цехтары мен базарлардың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ, үйлерде, медреселерде және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда іс-шаралар өткізуге болмайды. Мұқтаж адамдарға құрбандыққа шалынған мал етін тасымалдау кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс. Құрбан шалуға ниет білдіргендер тек Qurban2020.kz сайтына кіріп өтінім беріп, онлайн режимде ғана құрбан шалуға мүмкіндігі бар, – дейді облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Қаулы талаптарына сәйкес қала және аудан әкімдері мен полиция қызмткерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, адамдардың құрбан айты кезінде жаппай жиналуына жол бермеуге міндеттелді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика