spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Атбасар: Мониторингтік топ өкілдері қоғамдық нысандардағы заңбұзушылықтарды анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің осы жылдың 4 шілдесіндегі №86 қаулысын орындау шеңберінде жоспардан тыс тексерістер жүзеге асырылуда. Арнайы мониторингтік топ дәріханалар, қоғамдық тамақтану нысандары мен азық-түлік дүкендерінде карантиндік шектеу шараларының қаншалықты бақылауға алынғанын анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастыруда, – деп хабарлайды «Aqmola News». 

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

20 шілдеден 24 шілдеге дейін жалғасқан  рейд барысында  аудандағы бірнеше нысанда коронавирус инфекциясын одан әрі таратпау үшін бекітілген санитарлық-дезинфекциялық талаптардың өрескел бұзылғаны белгілі болды.

Рейд барысында заңбұзушылықтар анықталып, әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің  425 бабына сәйкес 8 әкімшілік материал жасалды. Негізінен дезинфекциялық құралдардың болмауы, дәріхана және дүкен нысандарында әлеуметтік арақашықтықтың сақталмауы, маска тағу алгоритмінің бұзылуы, қызметкерлердің денсаулық журналының толтырылмауы, дене қызуының тексерілмеуі, ылғалды тазарту жұмыстарының реттілігінің сақталмауы  орын алған, – деді арнайы мониторингтік топ өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек,  425 баптың 1 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға 30 АЕК (83340 теңге) лауазымды тұлғаларға және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК (638 940 теңге) көлемінде, орта кәсіпкерлікпен айналысушыларға 310 АЕК (861 180 теңге), ірі кәсіпкерлік нысандарына 1600 АЕК (4 444 800 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img