spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 28, 2025
21.2 C
Kokshetau

Ақкөл: Жаңадан ашылған провизорлық бөлімнен 124 адам айығып шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл аудандық ауруханасында осыдан бір ай бұрын  коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында  85 орындық провизорлық бөлім ашылған.  Жан аямай жұмыс істеген медициналық қызметкерлердің ауыр еңбегінің арқасында 124 адам індеттен айығып, үйлеріне қайтты, – деп хабарлайды «Aqmola News»

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Провизорлық бөлімде 58  медициналық қызметкер күн-түн демей қызмет атқаруда.

Дәрігерлер  үлкен қиындықтарға қарамастан өз өмірлеріне қауіп төндіріп, әрбір науқастың жанын арашалап аман қалуы үшін қолдан келгенше көмек беруде.  Ақ халаттылардың еңбегі нәтижелі болып 124 адам  провизорлық бөлімнен шығарылды.  Бұл біздің достарымыз, көршілеріміз бен туыстарымыз. Қазіргі күрделі кезеңде дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне ауыр жүк түсіп тұр. Олар психологиялық және моральдық тұрғыдан  қолдауды қажет етеді. Барлық медицина қызметкерлеріне шыдамдылық пен төзімділік,  дертке шалдыққан адамдарға тез арада сауығып кетуін тілейміз,  -дейді аудандық әкімдіктен.

Аурухана да ашылған  бөліммен індетпен күрес шараларын одан әрі жалғастыруда.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық студент АҚШ-та тағылымдамадан өтпек: Халықаралық жетістік – жүйелі еңбектің нәтижесі

 «Digital Agroleaders 2025» студенттік байқауы – Қазақстанның аграрлық саласындағы болашақ көшбасшыларын анықтауға бағытталған бірегей платформа. Байқауда еліміздің әр өңірінен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика