spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
16.9 C
Kokshetau

24 шілдеден бастап Ақмола облысындағы жағажайлар мен көл маңындағы демалыс орындары жабылады

Сондай-ақ...оқыңыз

24 шілдеден бастап Ақмола облысындағы жағажайлар мен көл маңындағы демалыс орындары жабылады,-деп хабарлайды   «Aqmola   News».

Бұл туралы Ақмола облысының туризм басқармасы Instagram парақшасында мәлімет таратты.

«Ақмола облысы туристік бизнес өкілдеріне ескертеміз. Карантин шараларының күшеюіне және туристік орындарда демалушылардың жауапкершілігінің төмендігіне байланысты 24 шілде сағат 00:00-ден бастап 3 тамызға дейін Ақмола облысының туристік аймақтары жабылады» делінген басқарманың мәліметінде.

Туристік аймақтың айналасына түгел блокпостар қойылып, көлік кіруіне тыйым салынады. 24 шілдеге дейін қонақ үйге келіп, жайғасып үлгерген адамдар демалыс базасының ішінде қала береді. Курорттағы адамдар маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Отельерлер осы уақыт аралығында бронь қабылдамайды.

«Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаторийлер мен курорт нысандары санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, жұмысын жалғастыра береді. Жағажайды, сауна мен бассейнді жалға беру қызметі тоқтатылады. Жағалауда орналасқан қайық стансалары, сауда және ойын-сауық нүктелері жабылады. Сондықтан жағдайға түсіністікпен қарап, осы уақыт аралығында демалыс орындарына барудан бас тартуыңызды сұраймыз» деп ескертеді мекемеден.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика