spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ауызбірлік пен ынтымақ: Целиноградтықтар жиналған 16 миллион теңгені провизорлық госпитальді жабдықтауға жұмсамақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауызбірлік пен ынтымақтың үлгісін Ақмола облыының Целиноград ауданының тұрғындары көрсетуде. Целиноградтықтар екі аптаның ішінде 16 миллион теңге жинаған. Жиналған қаражат Ақмол ауылындағы жаңадан ашылатын аурухана жанындағы провизорлық госпитальді жабдықтауға жұмсалмақ,-деп хабарлайды Aqmola News.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Аталған 50 төсек орындық провизорлық стационар аудандық арухананың ғимаратынан ашылып, ол астанадағы № 2 облыстық көпсалалы ауруханасына қарайтын болады. Бұған дейін ауырып қалған аудан тұрғындарын Нұр-Сұлтанға және Көкшетау қаласына апаруға тура келген еді.
Ең алдымен өкпені жасанды желдету аппаратын алу қажеттігі туындап отыр. Жақын уақытта Қытайға тапсырыс берілген 10 бірлік пульсоксиметр келу қажет. Бұл өкпенің оттегімен дем алуын өлшейтін құрылғы.

«Сондай-ақ, алдағы уақытта Бобров аппаратын, емделушілер мониторын, жансақтау бөліміне арналған жинақтар, вакуумды аспиратор, инфуззияға арналған штатив, алыстан өлшейтін қызу өлшегіш термометр сияқты басқа да құрал-жабдықтарды сатып алуды жоспарлап отырмыз», – деді Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Байділдина.

Сонымен провизорлық ауруханаға қажетті шаруашылық заттарын сатып алуға жалпы 16 миллион теңге жиналды.  Қаражаттың басым бөлігін ауданның іргелі кәсіпорны «Родина» аграрлық фирмасы аударған. Сондайқ-ақ, жекеменшік балабақшалар 2,5 миллион теңге, мемлекеттік органдар 400 мың теңгеден астам қаражат жинаған. Игілікті іске қарапайым тұрғындар да өз үлестерін қосып 3 миллион теңге қаражат жинады. Олардың арасында туған күніне жинаған ақшасын түгел аударған қосшылық балақай да бар. Бүлдіршін індетпен күреске деп 6350 теңге қаражат аударды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img