spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмоланың курортты аймақтарында демалушылар қандай айыппұл төлейді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Қоғамдық жағажайлар қызметіне қаншалықты тыйым салынса да, тұрғындар Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің қаулысын еш елемей келеді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Соңғы күндері болған ыстықтар Бурабай және Зеренді ауданының курортты аймақтарында және өзен-көлдерінде демалушылардың қатарын көбейткен. Мұны әлеуметтік желілерді аралап кеткен демалушылардың фотосуреттері де растап отыр.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Уәлихан Ғабдуллиннің айтуынша санитарлық қызмет мамандары коронавирус инфекциясының жұқтыруды төмендету мақсатында бірнеше мәрте тұрғындарды жақын маңдағы су қоймаларына бармауын өтінген.

«Өңірде жағажайларды тексеруге арналған мониторингтік топтар құрылған. Жағдай облыс басшылығымен ерекше бақылауға алынған. Қоғамдық және жалдамалы су қоймаларының жағажайларында демалуға болмайтынын тағы да ескерткім келеді. Қаулы ережелерін бұзған тұрғындар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабына сәйкес жазаға тартылады, – дейді Уәлихан Ғабдуллин.

Жалпы қоғамдық жағажайлар қызметі бас санитар дәрігердің қаулысымен 4 шілдеде тыйым салынған. Облыста қолданыстағы заңнамаға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық ахуал талаптардық және гигиеналық нормативтердің бұзылуы жеке тұлғаларға 30 АЕК, ал заңды тұлғаларға 230-дан 1600 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеуге әкеліп соқтырады.

Аталған шектеу шаралары еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бағытында енгізілген. Өңірдегі вирус жұқтыру оқиғалары Ерейментау ауданындағы Көбейтұз көлінде де көбеюі байқалды.

Естеріңізге сала кетсек, облыста эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып тұр. Жағдайдың нашарлауының маңызды себептерінің бірі су қоймаларына адамдардың көптеп ағылуы болып отырғанын айта кеткен жөн.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img