spot_img
Жұма, Қараша 1, 2024
2.2 C
Kokshetau

Қазақстанда 89 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар шығарады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда 89 фармацевтикалық кәсіпорын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар шығарады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәрілік заттарды, медициналық өнімдерді және өкпені жасанды желдету аппараттарын отандық өндіру туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды Aqmola News Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Мемлекетімізде фармацевтикалық өнеркәсібіндегі 89 кәсіпорын дәрілік заттар және медициналық бұйымдар өндіруді жүзеге асырады. Оның ішінде дәрілік заттарды өндіру бойынша 33, медициналық мақсаттағы бұйымдар 41 және медициналық техника өндірісі бойынша 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Бірінші, дәрілік заттар өндірісі бойынша дәрілік заттардың негізгі өндірісі Алматы, Шымкент қаласында және Алматы облысында орналасқан он кәсіпорын, сондай-ақ Қарағанды облысы мен Ақтөбе облысында бір кәсіпорыннан орналасқан. Бұл кәсіпорындар мыңға жуық дәрі-дәрмек шығарады. Олардың ішінде жедел респираторлық ауруларды және олардың асқынуларын емдеуге бағытталған, вирусқа қарсы, қабынуға қарсы дәрілік препараттар мен антибиотиктер бар, – дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов.

Оның айтуынша, дене қызуын түсіретін және вирусқа қарсы препараттардың негізгі өндірушілері – «Нобел АФФ» АҚ, Abdi Ibrahim Global Pharm ЖШС. «Олардың шығаратын дәрі-дәрмектері: палитрамицин. Оның құрамы парацетамол, танфлекс, ривирин препараттары сияқты. «Фарм Ақтөбе» грипповир, жөтелге қарсы сироптарды шығарады. «ВИВА ФАРМ» парацетамол, боксгрипал және басқа дәрілерді шығарады», – дейді ол.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Лайықты жеңіс

Шымкент қаласында "Гүлденген қызғалдақтар" атты V Халықаралық хореографиялық өнер байқауы өтті. Оның мақсаты - қазақ биінің өнерін сақтау және дамыту,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img