spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмолада дәрігерлер тапшылығын азайту үшін медициналық колледж түлектері жұмылдырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында қосымша емдеу орындарын ашқан жағдайда 1975 медициналық қызметкерлер тапшылығы туындайды. Дәрігерлер жетіспеушілігін азайту мақсатында медициналық колледж түлектері жұмысқа тартылуда, деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және менің жеке парақшаларымда медициналық қызметкерлердің емдеу кезінде және тұрғындардың өтінішін орындауға назар салмайтыны жөнінде шағымдар көбейіп кетті. Расында да өңірде медициналық кадр тапшылығы аса өткір тұр. Қазіргі таңда облыста жұмыс істеуі тиіс 1639 дәрігердің 413-і жетіспейді. Ал қосымша емдеу орындарын ашқан жағдайда ақ халаттылардың тапшылығы 1975 адамға жетіп жығылмақ. Яғни, 403 дәрігер, 754 орта және 818 кіші буынды медициналық қызметкерлер қажеттілігі туындайды, – деді Ермек Маржықпаев.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған мәселені шешу мақсатында биыл жоғары медициналық колледждерді тәмамдаған 133 түлек бірден жұмысқа тартылған. Олардың ішінде 35 фельдшер жедел медициналық жәрдем қызметін күшейтуге бағытталса, жетеуі қалалық емханалардың жедел көмек көрсету қызметіне және 91 орта медициналық қызметкер алғашқы медициналық-санитарлық көмек беруге жұмылдырылған.

Сонымен қатар облыстағы барлық емханаларда мобильді бригадалар құрылып, шақырту жасаған тұрғындардың хал-ахуалын анықтап, қажет болған жағдайда емдеу мекемелеріне жатқызуда. Топтардың құрамына дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлер мен фельдшерлер кірді. Мобильді бригадалар бірден емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерді тағайындауға мүмкіндік беретін цифрлы рентген құрылғыларымен жабдықталған. Емханалардағы және жедел жәрдем қызметінің аса ауыр жүктемесін ескере келе жұмысты жеделдету үшін қосымша 25 автокөлік берілді. Барлық медициналық ұйымдарда тұрғындарды ақпараттандыру және психологиялық қолдау үшін Call-орталықтар іске қосылды. Емдеу мекемелерінің телефондары медициалық ұйымдардың сайттарында көрсетілді.

Өңір басшысы медициналық қызметкерлерге үлкен қолдау жасалып жатқанын да атап өтті.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша медициналық қызметкерлерді ынталандыру және қолдау мақсатында COVID-19 күреске жұмылдырылған қауіптің ортасында жүрген үш топқа 558,2 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. 4189 дәрігер жалақысына қосымша үстеме ақы алды. Сонымен қатар Елорда күніне орай облыстың алдыңғы қатарлы 15 медициналық қызметкерлері ерен еңбектері үшін жоғары мемлекеттік наградаларға лайық деп танылды.  , – деді облыс әкімі.

Жалпы төтенше жағдай кезінде коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастармен тікелей қатынаста жұмыс істейтін дәрігерлерді қолдау мақсатында жергілікті бюджет резерві есебінен 80,5 миллион теңге қаражат бөлінген.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img