spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau

Енді мүмкіндігі шектеулі тұлғалар да пойыз билетін онлайн рәсімдей алады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық тасымалдаушы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған темір жол билетін онлайн сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа қызметті іске қосты, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы мәлімдеді. Жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатынд 26 маусымнан бастап «BBILET.RAILWAYS.KZ» сайты арқылы барлық топтағы мүгедектерге арнап әлеуметтік маңызы бар пойыздарға жеңілдікпен жол жүру құжатын онлайн ресімдеу қызметі іске қосылды.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар, багаж, жүк пен почта жөнелтілімдерін тасымалдау» ережесінің 17-тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар қатынастарға жол жүретін барлық топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мүгедек балаларға билет құнынан 50% мөлшерінде жеңілдік көзделген. Оны жеңілдікпен онлайн ресімдеу үшін жолаушы тіркеуден өтіп, «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының билет кассасынан «Мейірім» электронды дисконт картасын алып, картаны іске қосу үшін тиісті символдарды теруі тиіс. Жолаушы клиенттер базасына тіркелген соң үйден шықпай-ақ билетті онлайн сатып ала алады» деп мәлім етті компания.

Пойызға отыру және жол жүру кезінде жолаушыда өзімен бірге жеке басын куәландыратын және мүгедектігін растайтын құжаттарының түпнұсқасы болуы тиіс

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img