Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы 2026 жылғы 14 қазан мен 8 желтоқсан аралығында өңірдің аудандары мен қалаларында Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізу шеңберінде көшпелі іс-шаралар өткізуде.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты проблемалық мәселелерді анықтау, олардың білім алу және тұру жағдайларын зерделеу, азаматтардың өтініштерін қарау, сондай-ақ балалар мен отбасыларға қажетті қолдау көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
Көшпелі іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың, білім бөлімдерінің, құқық қорғау органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Іскер әйелдер қауымдастығының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысады.
Бірлескен жұмыс балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді жан-жақты зерделеуге, жауапты органдардың құзыретін айқындауға және анықталған проблемаларды шешу бойынша одан әрі қабылданатын шараларды әзірлеуге бағытталған.
Азаматтарды көшпелі қоғамдық қабылдау барысында балалардың құқықтарын қорғау, отбасының әл-ауқаты және күрделі өмірлік жағдайларды шешу мәселелері бойынша өтініштер қабылданады. Әрбір өтініш бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп, мән-жайлар зерделеніп, ықтимал шешу жолдары мен белгіленген құзырет шегінде қажетті шаралар айқындалады.
Әртүрлі ведомство өкілдерінің қатысуы туындаған мәселелерді тікелей жергілікті жерлерде қарауға, ақпарат алмасуға және кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау бойынша одан әрі атқарылатын іс-қимылдарды келісуге мүмкіндік береді. Бұл ретте проблемаларды анықтаумен қатар, оларды уәкілетті органдар тиісті шешімдер қабылдағанға дейін сүйемелдеуге ерекше мән беріледі.
Көшпелі іс-шараларды өткізу жергілікті атқарушы органдармен, білім беру ұйымдарымен және қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтуға, өңірлердегі жағдай туралы объективті ақпарат алуға және қосымша назар аударуды қажет ететін мәселелерді уақтылы анықтауға ықпал етеді.
Бүгінгі күнге дейін Басқарма Бурабай, Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарында, сондай-ақ Көкшетау қаласындағы білім беру ұйымдарында көшпелі іс-шаралар өткізді. Атап айтқанда, колледждер, мектеп-интернаттар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қамтылды.
Іс-шаралар барысында білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге, буллингтің, зорлық-зомбылықтың және кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзудың басқа да жағдайларының алдын алуға ерекше назар аударылды.
Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасы өңірдің аудандары мен қалаларында мониторинг жүргізуді жалғастырып, проблемаларды уақтылы анықтауға және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша уәкілетті органдардың іс-қимылдарын үйлестіруге басымдық береді.



