spot_img
Сәрсенбі, Қазан 21, 2026
7.2 C
Kokshetau

Көкшетауда заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «Қоғам және құқық: тәртіп үшін диалог» тақырыбында диалог алаңы өтті. Іс-шараға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, белсенді азаматтар мен жастар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәселелерін талқылау.

Диалог алаңының спикерлері ретінде заң ғылымдарының кандидаты, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құқық кафедрасының меңгерушісі, Ақмола облысының Қоғамдық кеңесі мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Бағдат Рахметулина және аталған университеттің құқық кафедрасының PhD докторы Ерлан Мырзаханов сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар құқықтық сауаттылықтың күнделікті өмірдегі маңызын, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі азаматтық қоғамның рөлін және жастар арасында заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогті дамыту, қоғамдық ұйымдардың құқықтық мәдениетті арттыруға қосатын үлесі және азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Ашық пікір алмасу форматында өткен іс-шара қатысушыларға өз ойларын ортаға салып, өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікір алмасуға мүмкіндік берді. Кездесу заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда мемлекет пен қоғамның бірлескен іс-қимылының маңыздылығын көрсетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында халықаралық «Қансонар-2026» турнирі өтуде

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Айдарлы ауылында Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық «Қансонар-2026» құсбегілік турнирі жалғасуда. Дәстүрлі додаға Қазақстанның он облысынан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика